Жаңа Жылға Үш Ой
Жаңа жылмен құттықтаулар барлық жерде естіледі. Сіз де соны асыға күтіп отырсыз. Барлығы да солай.
Бірақ тек тілеумен ол орындалмайды. Жаңа жылда шын бақыт пен қуанышқа ие болғыңыз келсе, бірдеңе істеуіңіз керек.
Бақыт үшін үш маңызды нәрсе бар делінген: (1) сүйетін адам (2) істейтін іс (3) үміттенетін нәрсе
Сүйетін Адам
Бізді сүйетін адамды сүю оңай. Бізді жақын адамдарымыздың сүйетінін есту жүректі жылытады. Қамқорлық жасайтын адамдарға сезімдерімізді білдіру нағыз қуаныш.
Бізді бізде сүйетін ештеңе болмаған кезде де сүйгенбір жан бар. Біз тәубесіз күнәкарлар болып, Құдайдан алыс болып, Оған тіпті мән бермеген кезде де, Ол бізді сүйіп, Иеміз Исаны Құтқарушымыз етіп берді (Римдіктерге 5:8).
Барлық адамзат күнәдан құтқарылуы керек. Мәсіх бұл құтқарылуды айқыштағы өліміменқамтамасыз етті. Ол өзінің қымбат қанын төгумен бағасын төледі (Ефестіктерге 1:7).
Тек Иеміз Исаның айқыштағы аяқталған ісіне сену арқылы ғана біз Оның бізге деген сүйіспеншілігін түсіне аламыз. Сонда ғана біз былай деп айта аламыз:
«Біз Оны сүйеміз, өйткені Ол бізді бірінші сүйді» (1 Жохан 4:19).
Құдай біздің сүйіспеншілігімізге бәрінен де лайық. Әр күн сайын және жаңа жыл бойы біз Құдайға Оны сүйетініміздіайтуымыз керек.
Істейтін Іс
Құдай ешкімге құтқарылу үшін жұмыс істеуге рұқсат бермейді, өйткені:
«Бұл Құдайдың сыйы, істерден емес, ешкім мақтанбас үшін» (Ефестіктерге 2:8-9).
Біз құтқарылғаннан кейін, Оны қуанту үшін істейтін көптеген істер бар, және бұл біздің жалғыз тілегіміз болады (2 Қорынттықтарға 5:15).
Ол бізден, ең алдымен, Ол бізді сүйгендей, бір-бірімізді сүюді сұрады (Жохан 14:34). Бізде сондай-ақ дұға ету және Құдайға шүкіршілік етумүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, Ол біздің айналамыздағыларға Оның құтқарушы рақымының куәсі болуымызды қалайды. Ол сондай-ақ біздің:
«Барлығына жақсылық жасаңдар, әсіресе сенім үйінің мүшелеріне» (Ғалаттықтарға 6:10) деп қалайды.
Соңында, Ол біздің Оның Сөзін, Киелі кітапты оқуымызды қалайды, бұл біздің рухани өсуіміз үшін өте қажет (1 Петір 2:2).
Киелі кітапты неғұрлым көп зерттесек, Ол бізге біздің өмірімізге арналған жоспарларынсоғұрлым көп ашады.
Үміттенетін Нәрсе
Біз бір нәрсені асыға күтсек, уақыт тезірек өтетінін білеміз. Христиандардың асыға күтетін ең үлкен оқиғасы бар:
Иеміздің оларды өзімен бірге жұмаққа алу үшін қайтып келуі.
Иеміз уәде етті: «Егер Мен барып, сендерге орын дайындасам, Мен қайтып келіп, сендерді Өзіме аламын; Мен қайда болсам, сендер де сонда боласыңдар» (Жохан 14:3).
Сіз баруға дайынсыз ба, әлде Ол келгенде қалып қоясыз ба?
Сіздің немесе басқа біреудің жаңа жылмен құттықтауы, егер сіз Құдаймен қарым-қатынасыңызғақатысты бірдеңе істемесеңіз, пайдасыз.
Егер сіз осы нәрселерге назар аударып, оларды өміріңізде қолдансаңыз, сізге шынымен бақытты жаңа жылкепілдендіріледі. — Д.Л.П.





